«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Дидактикалық ойын арқылы балардың сөйлеу тілін дамыту» атты семинар-практикум

30.11.2022

30 қараша күні педагогтар мен тәрбиешілерге арналған «Дидактикалық ойын арқылы балардың сөйлеу тілін дамыту» атты семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарды дайындаған ересек тобының тәрбиешілері Кульмурзаева А.А., Ахмедова С.О. және мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Нажмиденова А.С., Хасенова Г.Б. Әріптестермен «Төлдерін тап», «Көлеңкесін тап», «Ою-өрнектер» тақырыбында дидактикалық ойындармен бөлісті. Бұл ойындар баланың тілін дамытуға бағытталған, себебі, бала қолымен жасаған әрекетті түсіндіріп айтады. Қатысушылар топтарға бөлініп, тапсырмаларды түрлі әдістермен жасады: қиылған түрлі түсті жіптермен оюларды жапсырды, ермексазбен толтырылған шприцпен ою-өрнекті бояды, қыстырғыштармен түстеріне байланысты оюларды орналастырды, трафаретті бастырып бояды, төлдердің бейнесін қарақұмықпен жапсырды және денесіндегі бос дөңгелектерді ермексазбен толтырды. Соңында сұрақ-жауап жасап кері байланыс алды.

Просмотров: 149


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст