17.10.2022
«Жайнай бер, Қазақстаным!» тақырыбында сурет салу көрмесі ересек, мектепалды даярлық топ тәрбиеленушілер арасында өтті.
Мақсаты: өсіп келе жатқан ұрпаққа туған жерге деген патриоттық сезімін тәрбиелеу. Балаларға мереке жөніндегі білген түйгенін одан әрі толықтыра отырып, мерекедегі ұлағатты салт –дәстүрді дәріптеуге құрметтеуге тәрбиелеу. Туған жерге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
«Жайнай бер, Қазақстаным!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырып өткізілді. Байқауға ортаңғы, ересек, мад топтарының бүлдіршіндері қатысып, өз қолдарымен түрлі түсті бояуларды қолданып өздеріне ұнаған суреттерін салды. Байқау «өте жақсы» деңгейде өтті. Біздің балалар үшін осындай байқаулар өте жақсы деп ойлаймыз. Онда балалар қиялын арманын сурет арқылы сомдай білді. Байқау қорытындысы бойынша бүлдіршіндер Алғыс хатпен марапатталды.