«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қазақ халқының мәдениеті, ұлттық ойындары, салт-дәстүрлерімен таныстыру» атты педагогтарға арналған семинар-практикум

14.10.2022
13 қазан күні педагогтар мен тәрбиешілерге арналған «Қазақ халқының мәдениеті, ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері мен таныстыру» тақырыбында семинар-практикумі болып өтті.
Балабақшаның ересек топ тәрбиешісі Апсаматова Асия Нурхамитовна бала тәрбиесіндегі салт-дәстүр және мәдениетпен таныстыру мақсатында «Балабақша балаларына арналған салт – дәстүрлері» тақырыбы бойынша жинақталған картотекасымен таныстырды. Ортаңғы топ тәрбиешісі Сқақ Гүлзат Ғанибекқызы 3-4 жастағы балаларға арналған үстел үсті ойындарымен таныстырып өтті. Оның ішінде «Сиқырлы құм», «Қазақтың салт-дәстүрінің көлеңкесін тап», «Қазақтың ұлттық киімдері», «Кілем терапиясы» үстел үсті ойындарын тәрбиешілерге ойнатып өткізді. Қазақ тілі мұғалімі Аушахманова Аяулым Орынбасаровна 4-5 жастағы ересек топ балаларына арналған үстел үсті ойындарымен таныстырып өтті. Отепова Асем Исломбекқызы 5-6 жастағы мектепалды даярлық топ балаларына арналған үстел үсті ойындары: «Көлеңкесін тап», «Сәйкестендір», «Қазақтың ою-өрнектерінен пазл құрастыру», «Қазақтың ұлттық аспаптарынан пазл құрастыру» ойындарымен бөлісті.
Просмотров: 229


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст