28 қыркүйек күні педагогтар мен тәрбиешілерге арналған «Жаңа бағыттағы білім құндылықтары» тақырыбында семинар-практикумі болып өтті.
Балабақша әдіскері Нысанова Парида Батырхановна Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, соның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген іс-әрекеттері туралы баяндап берді. Семинар практикумға жауапты «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері Джакупбаева Анар Акановна, Утебаева Эльвира Тулкибаевна, дене шынықтыру нұсқаушысы Габидуллина Анара Ануарбековна, өнер пәні мұғалімі Камзенова Анар Куандыковна, музыка жетекшісі Биртаева Нургуль Баймухановна тәрбиеленушілердің физикалық дамыту дене шынықтыру және дене белсенділігі арттыру,балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, сөйлеуді дамыту, математика негіздерін,шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру, музыка ұйымдастырылған іс-әрекеттері арқылы балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, күн сайын ойын түрінде түрлі балалар әрекеттерінде іске асыруда қолданған инновациялық әдістер мен технологияларды, дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерімен бөлісті.