Текст
02 желтоқсан күні балабақшада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай іс-шаралар онкүндігінің салтанатты ашылуы болды. Іс -шара әнұран орындаумен басталды. Құттықтау сөзі балабақша меңгерушісі Баранова Ольга Анатольевнаға берілді. Бірінші кезеңде алғыс хат және естелік сыйлықтармен Тәуелсіздік құрдастары марапатталды, ол: қазақ тілі мұғалімі Әскербек Ақдана Болатбекқызы, дене шынықтыру нұсқаушысы Габидуллина Анара Ануарбековна, тәрбиешінің көмекшілері Ахметова Айдана Хасеновна және Аппасова Айгерим Кабдрахмановна.
Келесіде жүргізуші барлық қатысушыларды онкүндік іс-шаралар жоспарымен таныстырды, бұл шараларға балабақшаның барлық қызметкерлері мен тәрбиеленушілері қатысады.