Ата-аналарға арналған консультациялық пункттердің жұмысын жетілдіру мақсатында мобильді консультациялық пункттерде «Тәрбие бесігі» жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде. Жоба шеңберінде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейту көзделген.Осы бағытта «Қазақтың салт-дәстүрлері – тәрбиенің негізі» тақырыбында қазақ тілі мұғалімі Смагулова Айнагуль Айтбаевна ата-аналарға арналған мазмұнды консультация өткізді. Консультация барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні, оларды бала тәрбиесінде тиімді қолдану жолдары кеңінен түсіндірілді.Іс-шара ата-аналардың қызығушылығын тудырып, сұрақ-жауап алмасу арқылы өзара тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді. Консультация өз мақсатына жетіп, ата-аналардың ұлттық тәрбиеге деген көзқарасын қалыптастыруға оң ықпалын тигізді.