22-26 қараша аралығында балабақшада барлық топтарда кезекті педагогикалық кеңес аясында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері өтті. Оқу қызметтері орта топтарда «Көрінбейтін ауа», ересек топтарда «4 саны мен цифры. Үлкен кішкентай», мектепалды даярлық топтарда «Робототехника. Ботлидің көмегі арқылы дүкендерге киім және аяқ киім жеткізу» тақырыбында ұйымдастырылды. Орта топтарда тәрбиешілер зерттеу жұмысына назар аударды, балаларға тәжірибе арқылы ауаның қасиеттері туралы түсінік берді. Ересек топтарда Фребель ойындарын негізге алып балаларды 4 саны және цифрмен таныстырды, әр балаға жеке тапсырмалар орындау ұсынылды. Мектепалды даярлық топтардың балалары Ботли робот арқылы дүкендерге киім мен аяқ киім жеткізді, жол өту барысында түрлі ойындар ойнап, тапсырмалар орындады.