Балабақшада 04-08 қазан аралығында Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерей тойына арналған тәрбие бағыты бойынша интеллектуалды мәдениетті дамыту апталығы болып өтті.
Мақсаты: алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен балаларды таныстыру, әңгімелері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Апта барысында осы бағытта ересек, мектепалды даярлық топтарда «Қазақтың тұңғыш ағартушы-ұстазы» атты тәрбие сағаттары ұйымдастырылды, «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбында жылжымалы папкалар мен бұрыштар безендірілді. Балалар арасында «Даланың дара ұстазы» мәнерлеп оқу сайысы болды. Мектепалды даярлық «Ақ бота» тобының балалары Ы.Алтынсаринның «Өрмекші, Құмырсқа, Қарлығаш», «Алтын ұя» тобы «Жаман жолдас», «Балапан», «Смешарики» топтары «Әке мен бала», «Теремок» тобы «Бір уыс мақта» әңгімелерін сахналады. Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша ата-аналармен бірге сурет салу көрмесі балабақшаны көркейтіп жіберді.
Қорыта келгенде,балалар апталық барысында тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық танысты, шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып өтті. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысты.