«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Денсаулық, достық, қуаныш!

23.07.2021

21-шілде күні балабақшада  спорт күні өтті. Балалар спортшылар туралы әңгімелер тыңдап, бейнефильмдер көріп тамашалады.

«Жас спортшылар», «Нысанаға тигізу» т.б ойындар ойнады. «Тауға шығу» - гимнастикалық қабырғаға өрмелеу бойынша жаттығулар жасады.

«Ақбота»,«Алтын ұя»топтарымен  «Сиқырлы  доптар  патшалығы»

атты спорттық эстафеталар болды.

 

22-шілде күні балабақшада  үстел үстінде ойналатын ойындар күні өтті.

Бұл ойындар балаларда есте сақтау, зейін, қиял, логикалық ойлауды дамытады. Ойын барысында баланың көптеген қасиеттері дамиды: икемділік, төзімділік, ынтымақтастық, сонымен қатар – шоғырлану, табандылық, жұмысты соңына дейін жеткізе білу, тәртіп – бұл балаларға болашақта мектепте оқу кезінде қажет қасиеттер.

Балалар таңғы және түстен кейінгі уақытта «Домино», «Логикалық шаршы», әр түрлі тақырыпта «Лото», «Пазл», «Баулау», «Пирамида» т.б. түрлі үстел үсті ойындарын ойнады. Балалар үлкен қызығушылықпен ойындарға қатысты.

23-шілде күні балабақшада  Туризм күні болып өтті.

Мақсаты: белсенді салауатты демалыстың кең таралған түрлерінің бірі-туризмге деген қызығушылықты дамыту.

Тәрбиешілер балаларға  «Туристер мен саяхатшылар деген кімдер»

«Шағын– туризм» тақырыбында әңгіме жүргізді. «Жорыққа дайындаламыз», «Велосипед тебу», «Кім жылдам» қимылды ойындар ойнады.

 

Просмотров: 269


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст