24.04.2026
24 сәуір күні мектепалды даярлық топтардың ашық қорытынды іс-әрекеттерді көрсету апталығы өз мәресіне жетті.
“Айгөлек” тобының тәрбиешісі С.К.Камал “Математика қызықты әлем” тақырыбында іс-әрекет көрсетті, балалар поезд аялдамасында тапсырмалар орындап, математика еліне қатысты білімдерін бекітті. “Балдырған” тобында жүзу нұсқаушысы А.А.Булхайдаров “Біз мықтымыз!” тақырыбында өткізген іс-әрекетте балалар жүзу бойынша бастапқы элементтерін қайталап, суда эстафеталық ойындар ойнады. “Колобок” тобында музыка жетекшісі К.А.Калиева "Музыка аспаптар әлемінде" ұйымдастырылған іс-әрекетінде аспаптарда ойнау, музыканы тыңдау, шығарманы тану, аспаптарды ажырату бөліміне аса назар аударды..
Іс-әрекеттер тақырыпқа сай, түрлі әдіс-тәсілдер қолдану арқылы ұйымдастырылды. Мектептен келген бастауыш сынып мұғалімдері өз пікірлерін айтты.