Текст
18.03.2026
«Жұлдыз» балабақшасында бүгін «Құтты болсын әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара мектепалды даярлық тобы «Балбөбек», ересек «Еркемай», «Солнышко» топтарында өткізілді. Шараның мақсаты – балаларға Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Мерекеде балалар өлең оқып, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындарға қатысты. Сахналық қойылымда Наурыз, Хан, Алдар көсе кейіпкерлері арқылы Көктемді құтқару көрінісі көрсетілді. Сонымен қатар «Бесікке салу» дәстүрі таныстырылып, «Наурыз көже» туралы мағлұмат берілді.