«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қош бол, балабақша!

28.05.2021

Біздің балабақшада 10-шы мерейтойлық  түлектермен қоштасу ертеңгіліктері өтті. Балабақшадағы қоштасу ертеңгіліктері — бұл барлық мерекелердің ішіндегі ең әсерлі, ұмытылмас мерекелердің бірі. Өйткені, мектепке дейінгі балалық шақтың жылдары тез арада өтті! Қоштасу әрқашан мұңды, өйткені балабақша бірнеше жыл бойы балалар үшін екінші үйлері болып кетті. Үш жылда балалар балабақшада да, мектепке дейінгі мекемеден тыс жерлерде де байқауларға, концерттерге, жарыстарға қатысты. Балалар мектепке дейінгі білім берудің бірінші сатысын игерді.

Біздің балабақшада «Мектепке дейінгі балалық шақ елі», «Балабақшамен қоштасу», «Бақытты балалық шағым» атты төрт қоштасу ертеңгіліктері өтті. Музыкалық зал шарлармен безендірілді, суретке түсу аймағы, балабақшада болған алғашқы күндерден бастап балалардың фотосуреттерімен слайд презентация дайындалды. Мерекеде әндер, билер, ойындар орындалды, мультфильмдер мен ертегілердің кейіпкерлері келді.

Балабақша меңгерушісі балаларға мектепте табыс, жаңа достар табуды, тілалғыш оқушы болуды және балабақшаны ұмытпауды тіледі. Балабақша туралы естелік ретінде балаларға дипломдар табысталды.

Біздің балалар балабақшамен қоштасып, өмірдің жаңа кезеңіне – мектепке түсуге дайындалуда. Арттарында белгісіз, таңғажайып әлеміне қызықты саяхаттарға толы күндер қалды. Жыл сайын біздің балабақша мектепке нағыз дарынды және керемет балаларды шығарады. Әрине, бірге өткізген жылдар ішінде барлығына бауыр басып қалдық, ал бүгін біз оларды мақтанышпен және сәл қимай мектепке жібереміз.

 

Біздің кішкентай түлектер, сіздерге мектепте сәттілік тілейміз.

Балабақша есігі сіздер үшін әрқашан ашық!

 

Просмотров: 249


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст