09.09.2025
Бүгін 09 қыркүйек күні ұжымымызда өзге ұлт өкілдері арасында «Көп тіл білген, көпті ілер» атты байқауы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, көптілділікті насихаттау және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне қолдау көрсету болды. Қатысушылар түрлі кезеңдерде білімін, өнерін көрсетіп, қазақ тіліне деген құрметі мен қызығушылығын танытты.