«Солнышко» мектепалды даярлық тобында қазақ тілі мұғалімі А.Б Әскербек «Ғажайып білім әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Балалар жыл бойы алған білімдерін көрсете білді:Таныс сөздер,жануарлар,жеміс,көкеністердің қазақ тіліндегі атауларын,жұмбақ, сөйлем құрастырып,дыбыстық жаттығулар, геометриялық пішін,көлемін, түсін,сандарды заттармен салыстырып өтті.Мұғалім балалардың тілін дамытуда мнемосызба,ӨТШТ технологиясының элементтерін қолданды.
«Балбөбек» ортаңғы тобының тәрбиешісі Т.Ж Беркимбаева «Орманға саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
Шаттық шеңберімен бастап, орманға саяхатқа баратынын хабарлады, балалардың қызығушылықтарын арттыра білді. Ертегі кейіпкерлері қоян мен қасқыр қонақта келіп, балаларға өз тапсырмаларын берді. Саусаққа арналған, дыбыстық жаттығулар, жабайы жануарлар мен үй жануарларын ажырату,құстарға ұя жасау,ертегі кейіпкерлерін ретімен орналастыру,түстерді тап ойындарын өте жақсы және дұрыс орындады.
«Солнышко» мектепалды даярлық тобында өнер пәні мұғалімі С.И. Линкевич «Путешествие в страну Рисовандию» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Оқу қызметі әдістемелік дұрыс құрылғын. Балалар негізгі және қосымша түстерді қайталады, кемпірқосақ, құмыра суреттерін салды. Балалар сурет салудың әртүрлі дәстүрден тыс тәсілдерін пайдаланды.