Текст
Мақсаты: тәрбиеленушілердің жанұяға, ата - анаға, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым - қатынастарын дамыту, ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір – бірімен үйлесімді қарым - қатынас жасай білуге үйрету, бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.
Балабақшада ересек және мектепалды даярлық топтарда Алғыс айту күніне арналған мерекелік тәрбие сағаттары өтті. Тәрбиеленушілер «Туған ел», «Ана», «Әже» атты әндерін шырқап, «Жылы тілек», «Саған алғыс айтамын» дидактикалық ойындарын ойнап, жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтты. Балалар бір-біріне, жақындарына, үлкендерге деген алғыстарын жүрекшелер арқылы білдірді.