22 қараша күні мектепалды даярлық «Ақ бота» тобының тәрбиешісі Сулейменова А.Ғ. «Табиғаттағы қауіпсіздік» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Балаларға қауіпсіздік ережесі жайлы бейнематериал көрсетілді, кейін асықтардың түсіне байланысты «Күншуақ» және «Найзағай» деп 2 топқа бөлінді. 1-кезеңде экраннан сұрақтар қойылды, қоңырау батырмасын басу арқылы балалар сұрақтарға жауап берді. 2-кезеңде жол белгілері пазлын құрастырды. 3- кезеңде «Шыны қалдықтары мен тағам қалдықтары» атты қимылды ойынын ойнады. Табиғаттағы дұрыс-бұрыс іс-әрекеттер туралы айтып, суретке байланысты белгілерді орналастырды. Әр дұрыс айтылған жауап асықпен бағаланды. Қорытынды бөлімде асық ұпайы саналып, балалар мадақтамамен марапатталды.