21 қараша күні ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешісі Джакупбаева А.А. «Қауіпсіз үй. Үйде жалғыз қалғанда» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған ашық іс-әрекет өткізді.
Мақсаты: балаларға үйдегі қауіпсіздік шаралары туралы түсіндіру, қауіпті заттармен, қауіпсіздік жағдайлармен таныстыру және олардан сақтана білуге үйрету, қауіпсіздік шаралары туралы білімдерін кеңейту, өз жеке басының қауіпсіздігін дұрыс ұстап жүруге тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Жеті лақ» ертегісінің көмегімен жүзеге асырылды. Әуен арқылы балалар мен тәрбиеші Ғажайып орманға тап болды. Балалар лақтардың рөлін сомдап, берілген «қауіпті-қауіпсіз» жағдаяттарды, тапсырмаларды орындап шықты. «Триз» технологиясы бойынша «болады-болмайды» дидактикалық ойынын, қол моторикасына және балалардың сөйлеу тілін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сурет бойынша әңігмелеу, пазлды құрастырды. Қорытындылай келе сұрақ-жауап алынды, балалар «Ортеке» әнінің сүйемелдеуімен асықтардың көмегі арқылы би биледі.