"Заң мен тәртіп" идеологиясы аясында балаларға қойылым ұйымдастырылды. «Ережелер туралы ертегі» театрландырылған қойылымы барысында балалар кейіпкерлерді тамашалап қана қоймай, олармен бірге ойындарға белсенді қатысты, қызықты тапсырмаларды орындап, түрлі жағдаяттардан шығуға көмектесті. Балалар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бірге талқылап, дұрыс және бұрыс әрекеттерді ажыратты.
Іс-шарада достықтың күші тақырыбына ерекше назар аударылды. Балалар нағыз достардың бір-біріне көмектесетінін, қиын сәтте қолдау көрсететінін, келісіп әрекет ететінін түсінді. Іс-шара балалардың достық, өзара көмек, сыйластық туралы түсініктерін кеңейтіп, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалау және бірлесе әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етті.