«Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі.
Мақсаты: Балалар ертегінің мазмұнын түсініп, оны әңгімелеуге диолог сөздерді мәнерлеп келтіре айта білуге үйрету. Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Әрбір кейіпкердің рөлін ойнай отырып, қимыл арқылы көрсетуге үйрету; дауыс ырғағын, дауыс көркемділігін дамыту; ертегіні сахналауға үйрету. Бейтаныс адамдарға сенбей, сақ жүру, есікті ешкімге ашпау керек екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: Үйшік, лақтар маскалары.
Рөлдерде ойнайтындар:
Кітапханашы: – Нургуль
Балалар: Алихан, Айсұлтан, Медина.
Ешкі – Раушан
Қасқыр – Ерасыл
Қарға – Балжан
Суыр – Рауан
Есек – Ералы
Лақтар: Кәусар, Анар, Айару, Жанель, Арайлым, Адина, Үкілім.
(Әуен жаймен ойналып, кітапхана балалар кітап алуға келеді. Сол уақытта кітаханашы кітаптарын дұрыстап жатады. Балалар есік қағып, амандасады. Бірақ кітапханашыны көрейді).
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Айсұлтан: Біздің Жамал апай қайда кеткен?
Медина: Мүмкін кітаптарды жинастырып жатқан болар....
Алихан: Балалар, қараңдар қандай қалың кітап: (кітапты қолына алып жатқанда, байқаусызда түсіріп алады. Сол уақытта Жамал апай, біреу келгенін естіп, балаларға келеді).
Кітапханашы: Ой, сәлеметсіңдер ме, балалар!
Айсұлтан: Сәлеметсіз бе, Жамал апай! Біз кітап алуға келдік.
Медина: Алекс, байқаусызда мына бір кітапты құлатып алды.
Кітапханашы: А, бұл «Ертегілер» кітабы ғой.
Алихан: (кітапты көтеріп,ашылып қалған бетін оқи бастайды). «Жеті лақ пен қасқыр».
Кітапханашы: Ия, бұл ертегі өте қызықты ертегі балалар.
Медина: Бізге оқып берінізші.
Кітапханашы: Ендеше жайғасып, отырып тыңдаңдар. Орыс халық ертегісінде.... жалпы, әлем халықтарының ертегілерінде де жақсылық пен жамандық, ақ пен қара қатар жүреді емес пе? Осы «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісінде қасқыр кішкентай лақтарды ұрлап кетеді. Ал, ешкі байғұс зар илеп балаларын таппай қалады.
Айсұлтан: Ертегілер еліне барып, қасқырдың жауыздығына жол бермеу керек.
Кітапханашы: Дұрыс айтасың, Айсұлтан. Ендеше, Алихан және Мединамен бірге «Ертегілер еліне» аттанып, лақтарды құтқарып қалыңдар.
Айсұлтан: Дұрыс айтасыз, ендеше аттанайық!
Медина: Дайынбыз ба?
Балалар: Дайынбыз!
Медина: Бір, екі, үш ертегілер еліне бізді алып түс. (сиқырлы әуен ойналып, балалар ертегілер еліне аттанады).
(әуен ойналып, ешік лақтарымен дастархан басында тамақтанып отырады).
Ешкі: Боз лағым бұзығым – ау,
Көк лағым қызығым – ау.
Ақ лағым аңқауым – ау,
Сұр лағым жалқауым – ау.
Бесіншісі бала ғой,
Алтыншысы ала ғой.
Жетіншісі кенжетай – ау,
Істеген іс шала ғой...
ля – ля – ля – ля – ля –ля –ля–ля...
ля – ля – ля – ля – ля –ля –ля–ля...
Базарға мен барайын,
Не бар, не жоқ қарайын.
Балаларға базарлық,
Таңдап жүріп алайын.
Лақтарым, шұнақтарым,
Бар ма маған сұрақтарың?
Лақтар: Жоқ, жоқ, жоқ.....
Ешкі: Үйдің ішін шашпаңдар, мен келгенше есікті ешкімге ашпаңдар!
Лақ: Ешкіге ше?
Ешкі: Ешкімге.
Кіші лақ: Сізге де ме?
Ешкі: Әсіресе қасқырға.
Ешкілер: Жарайд, жарайд!
Кітапханашы: (осы уақытта балалар, ешкінің үйін аңдып отырады).
Айсұлтан: Әне, Ешкі базарға кетті.
Медина: Қасқыр қайда?
Айсұлтан: Ол осы маңда жүрген болуы керек.
Алихан: Әне, жауыз. Қазір мен оны.....
Кітапханашы: (деп мылтығымен көздей бастайды)
Айсұлтан: Қоя тұр, Алихан! Сенің мылтығын ойыншық екенін естен шығарма, ал қасқыр саған ойыншық емес.
Алихан: Ендеше, сендер Ешкіге қасқыр жүргенін айтыңдар. Ал, мен кеттім қасқырды аңдыймын.
Кітапханашы: (Осы уақытта лақтар, көңіл көтеріп би билейді).
Қасқыр: Менің дауысымды естісе лақтар, есікті ашпайтыны анық. Дауысымды өзгертпесем болмас.
Кітапханашы: (ойланып тұрып.....)
Қасқыр: О, таптым!
Кітапханашы: (Қасқыр музыкантқа барып, дауысын өзгертпекші болады).
Қасқыр: Қалай, өзі былай.....?
Қарға: Керемет!Міне.... (үнтаспасын қосып тыңдатады).
Кітапханашы: (Қасқыр, есікті қағып Суыр музыкантқа келеді).
Суыр: Кіріңіз, қандай жанрда ән айтқыңыз келеді?
Кітапханашы: (басын қасып...)
Қасқыр: Э, м е н....
Суыр: Түсінікті, міне мына жерде бәрі жазылған.
Қасқыр: Мммм.... Менде бар жоғы осы. (деп, ақшасын көрсетеді).
Суыр: Сау болыңыз, уақытымды алмаңыз. (Қасқырды шығарып салады)
Есек: Ән айтсам ба, деп едім! (Қасқыр сыртқа шығып, ойланып):
Қасқыр: Қасқырдың ауызы жеседе қан, жемесе де қан. (қайта барып, суырға дөрекілік танытады. Есек, ызалы қасқырды көріп, қашып кетеді).
Суыр: Жа, жа, жарайды. Ешкі дауыс дедіңіз бе?
(Қасқыр дауысын өзгертіп жатқан уақытта, Алекс лақтарға барып, қасқырдан құтқауға келгенін айтады).
Алихан: Тез, ашыңдар есікті.
Лақтар: Ашпаймыз, анамыз есікті ашпа деген.
Алихан: Мен сендерді қасқырдан құтқаруға келдім. Ол жақындап қалды.
Лақтар: Анамыз есікті ашпа деген.
Алихан: ой, жарайды. Есікті ашпая қойындар. Онда терезені ашыңдар. Мен ішке кіремін.
Лақтар: Анамыз,терезе туралы ештеңе айтқан жоқ! (терезені ашып, Алихан ішке кіреді)
Алихан: Ал, лақтар! Қалқан құлақтар. Қане бері жақындаңдар. Менде бір жоспар бар.
(осы уақытта, қасқыр есікті қағып, үнтаспаға жазғызған дауысты қояды. Сол уақытта кенже лақ есікті ашып қояды. Қасқырдың жоспары іске аспай, құлайды. Алекс пен лақтар мылтықтарын атып, кілемге орап тастайды. Сол уақытта лақтардың анасы келіп:).
Лақ: Лақтарым, шұнақтарым! Амансыңдар ма, әйтеуір! (сөйіп, лақтар аман қалады).
Лақтар: О, анамыз келді, анашым кешіріңіз енді есікті ешкімге ашпаймыз,-
Лақ: Рахмет, сендерге балалар! Менің лақтарымды жауыз қасқырдан құтқарып қалдыңдар!
Айсұлтан: Оқасы жоқ, біз сіздерге қауіп төніп тұрғанын біліп осында келдік. Ал ені біз қайтайық!
Балалар: Сау болыңдар, лақтар! Есікті бөтен адамдарға ашпаңдар!
(Балалар қоштасып, өз еліне қайтады, ал ешкі лақтарымен табысып, орманда бақытты өмір сүреді).