«Педагог және Заң» ақпараттық сағатының тақырыбы: «Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау және кәмелетке толмағандарға қатыгездік көрсету жағдайларының алдын алу»
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша педагогтер мен тәрбиешілер көмекшілерінің тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарын сақтау бағытындағы жауапкершілігін күшейту мәселелері қарастырылды.
Педагог қызметкерлердің педагогикалық әдеп нормаларын, лауазымдық міндеттерін және қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауы қажеттілігі атап өтілді. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша жоспардан тыс нұсқамалар өткізіліп, төтенше немесе жанжалды жағдайлар туындаған кезде қызметкерлердің әрекет ету тәртібіне ерекше назар аударылды.
Ұжымға ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңы, ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы, Педагогикалық әдеп қағидалары және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар балаларды қарау мен күтіп-баптау сапасын, қауіпсіздік талаптарының орындалуын және бейнебақылау жүйесінің тұрақты жұмысын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Тәрбиеленушілердің жарақат алуы, жанжал немесе бала өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген жағдай туралы ұйым басшысына дереу хабарлау қажеттілігі ескертілді