«16-желтоқсан -Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары болып өтті.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 29 жыл. Жиырма тоғыз жыл ішінде Қазақстан өз алдына дербес зайырлы ел болды.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 08-11желтоқсан күндері аралығында барлық топ тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Гүлдене бер,Қазақстан!», «Менің туған өлкем»,«Туған елдің төрінде» атты тәрбие сағаттары болып өттілді.
Ондағы мақсат балаларға Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Тәрбие сағаты барысында балалар «Егемендік деген не?» көрінісін көрсетіп, патриоттық мәнерлі өлеңдер оқып,отан туралы мақал-мәтелдер айтты,ұлттық ойындар ойнады, жез таңдай әншілеріміз ән айтты және мың бұралған бишілер би биледі. Тәрбие сағаты терең мағына болып,балалардың ойында өлшеусіз із қалдырды деген ойдамын.Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!