Текст
2020 жылғы 26 қараша күні аудандық білім бөлімінің әдістемелік жұмысының жоспарына сәйкес «Жұмыс жүйесі бойынша балалардың денсаулығын сақтау және қалыптастыру.Тәрбиеленушілердің дене шынықтыру дайындығының деңгейін талдау» тақырыбында онлайн семинар өтті. Мақсаты: мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру туралы білімдермен бөлісу. Семинар дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды. Қатысушылар алдында балабақшалардың дене шынықтыру нұсқаушылары дене тәрбиесі оқу қызметінің өткізілу түрлерімен толық танысумен қатар, ой-пікірлерін ортаға салып, іс-тәжірибемен алмасты.