04.06.2024
Бүгін 31 мамыр күні балабақшамызда жылдық жоспарға сәйкес «2023-24 оқу жылындағы педагогикалық ұжым жұмысының нәтижелері» тақырыбында №5 педагогикалық кеңес дәстүрден тыс түрде өткізілді.
Мақсаты: 2023-2024 оқу жылының қорытындыларын және қызметкерлердің жұмыс нәтижелерін шығару. Педагогтердің жұмыс нәтижелерін талдау, келесі жылға арналған қызметті болжау қабілетін жетілдіру.
Күн тәртібі бойынша әдіскер Нысанова П.Б. жыл бойы өткен жұмыс бойынша, «Жыл тәрбиешісі-2024» байқауы және «Үздік заттық дамытушы орта» байқауы бойынша талдау жасады.
Әдіскер Айкелова А.М. «Ұжымдық ағаш» іскерлік ойынын өткізді. Әр топ өзінің түскен фото суретіне рамка жасап, жылы лебіздерін білдіріп ағашқа ілді. Педагогикалық кеңес қорытындысы «Ұшақ» рефлексиясы арқылы аяқталды.