«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала біздің болашағымыз» атты ата-аналар жиналысы (мектеппен сабақтастық)

20.05.2024

Мамырдың 20-сы күні балабақшамызда мектеп алды даярлық

«Қарлығаш» , «Балапан», «Солнышко», «Бәйтерек» топтарының ата-аналарына тәрбиешілер  және педагог-психолог Джунусова Г.Х , балабақша әдіскері Нысанова  П.Б.ұйымдастыруымен «Бала біздің болашағымыз» атты ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыстың мақсаты: балабақша мен ата-ана, тәрбиеші мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту, ата-аналарды балабақша өміріне араластыру, адам өміріндегі баланың ролін түсіндіру.  Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.

 

Жиналыс танысу «Достық» тренингінен  басталды, кейін ата-аналарға

«ой жинақтау», «жас шыбық», «түстерді есте сақтау», «пирамида», «мен есімді білемін» , «сол қолмен жазу» ойындарын ойнауға ұсынылды.

Кері байланыс ретінде «майшам» тренингі жасалды, ата-аналар жиналыстар алған әсерлерімен бөлісті, өз ұсыныстарын, тілектерін білдірді.

Жиналыс соңында Ақмол ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш мұғалімдері балаларға мектепке алғашқы баратын кезде керекті құжаттар, мектептегі бағдарлама, тәртіп туралы айтып, ата-аналардың туындаған сұрақтарына жауап берді.

 

 

Просмотров: 567


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст