Өнер пәні мұғалімі Камзенова А.К. балабақшаның дәлізінде орналасқан сурет студиясында мектепалды даярлық топпен «Сиқырлы алаңқай» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет ұйымдастырды. Балалар сиқырлы алаңқайға кіру үшін үлкен кітап ішінен амандасудың түрлі қол қимылдарын жасап өтті. Балалар негізгі, жылы және суық түстерді атап шықты, қосымша түстерді шығару үшін түстік есеп жасап шығарды. «Жасырын оюлар» ойынын ойнады. Кейін әр бала өз қалауымен кез келген сурет салу әдісін таңдады. Балалар мольбертте, пленкалы экранда түрлі арнайы басқыштармен сурет салды. Сонымен бірге жапсыру, мүсіндей орталықтарында балалар өз еркімен жұмыс жасады, сиқырға толы алаңқайды қуантып, іс-әрекетті қорытындылады. Жасыл шөп балаларға рахметін айтып, өз сыйлықтарын табыстады. Балалар сиқырлы іс-әрекеттен алған әсерлерімен, қуаныштарымен бөлісті. Іс-әрекет соңында мектептің бастауыш сыныптарының мұғалімдері өз ой пікірлерімен бөлісті.