«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қарлығаш", "Бәйтерек", "Балапан" мектепалды топтарында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет (мектеппен сабақтастық)

20.04.2024

19 сәуір күні мектеппен сабақтастық жоспарына сәйкес мектепалды даярлық топтарында Ақмол ауылының №5 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысуымен кіріктірілген ұйымдастырылған іс-әрекеттер өтті.

«Қарлығаш» тобында тәрбиеші Утебаева Э.Т. «Білім кілті-өмір нәрі» тақырыбында іс-әрекетін өткізді. Алдына қойған мақсаттарына жете білді. Ұйымдастыру кезінде балалар шаттық шеңберін жасады, бір біріне жақсы тілектер айтты. Балалар эксперименттік орталыққа өтіп, кішкентай зерттеушілер ретінде «судағы құйын», «жанартаудың атқылауы» аттықызықты тәжірибелер жасады.Топ бөлмесінде қонаққа келген Білім ханшайымы балаларға өз қалауынша құзыреттілік орталықтарға бөлініп тапсырмалар орындауды ұсынды. Шаршаған уақытта әуенмен«Ғажайып қасықтар» сергіту сәтін жасады. Қорытынды бөлімде Білім ханшайымы балаларға сұрақтар қойып, өз сыйлығын тапсырды. Балалар жыл бойы алған білімдерін бекітті.

«Бәйтерек» тобында «Көктемгі құбылыстар» тақырыбында іс-әрекетті тәрбиеші Кульмурзаева А.А. өткізді. Қабылдау бөлмесінде балаларға ұйымдастырушы сұрақтар қойды, жұмбақ жасырды, балалар жұптасып көктемнің құбылыстарын атады. Болашақ оқушылар топ бөлмесіндегі дамытушы орталықтарда Көбелек кейіпкердің түрлі тапсырмаларын орындады: танымдық, коммуникативтік, зерттеушілік, шығармашылық.  Сергіту сәтін көңілді әуенмен жасап, қорытынды барысында сұрақтарға жауап берді, мадақтама ретінде сыйлықтар алды.

Дене шынықтыру нұсқаушысы Габидуллина А.А. «Балапан» тобында «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет ұйымдастырды. Жалпы дамытушы жаттығулар жасағаннан кейін негізгі бөлімде  ұлттық құндылықтарға назар аударды. Балалар екі топқа бөлініп жарысты, құстардың дауысын салып тыныс алу жаттығуларын жасады, ұлттық ойын ойнады және қорытынды сәтте іс-әрекеттен алған әсерлерімен бөлісті.

Іс-әрекеттер соңында мектеп мұғалімдері мен балабақша әдіскері, тәрбиешілер пікір алмасты.

Просмотров: 218


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст