19 сәуірде ұйымдастырылған іс-әрекет «Құлпынай» ересек тобында өтті. А.А.Муратбаева «Жәндіктер әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетті өткізді. Балалар ойын бөлмесінда шаттық шеңбре құрып, бүгінгі күнмен амандасты. Сұрақ-жауап арқылы тәрбиеші балаларға көктем жайлы және жәндіктер туралы мәлімет беріп, тақырыпты ашты. Қонақ ретінде тәрбиеленушінің бірі қызыл қоңыз ретінде келіп, балалардан көмек сұрады. Балалар қызыл қоңызға көмектесу үшін эксперимент орталығына барып, бірінші ыдыстағы құмырсқаларды зерттеді. Кейін құм толтырылған ыдыстың ішінен көбелектің бөлшектерін тауып қағаз бетіне орналастырды, жасыл түсті боялған су астындағы көбелектерді бокалды қою арқылы зерттеді. Дамытушы орталықтарда жәндіктерді көлеңкесіне сәйкес орналастырды, жіпті шынжыр табаннан өткізді, санға байланысты жәндіктерді сәйкестендірді. Жатын бөлмеде «Шегіртке мен құмырсқа» көрінісін балалар рөлдерге бөлініп орындап шықты. Іс-әрекет соғында көмек сұраған қызыл қоңыздың үстіндегі қара дақтарын жабыстырып берді. Балалар іс-әрекеттен алған әсерлерімен қуана бөлісті.
«Колобок» ортаңғы топтың тәрбиешісі А.С.Ахметова «Ғажайыптар елінде» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Балаларды қабылдау бөлмесінде шаттық шеңбер құрып, көбелектердің түсіне байланысты топтарға бөліп тастады. Фонарь арқылы банканың ішінде қандай түсті көбелек бар екенін анықтады. Эксперимент орталығында сүлгілер мен түтіктерден шынжыр табан жасады, математика және шығармашылық орталықтарда да әр түрлі тапсырмаларды орындады. Жатын бөлмеде геометриялық пішіндерді орналастырып, іс-әрекетті қортындылады.