Текст
«Айгөлек» ортаңғы топ тәрбиешісі А.Х Ахметова «Сиқырлы су» тақырыбында кіріктіріліп ұйымдастырылған ашық іс-әрекетін көрсетті. Балаларға су туралы түсінік берді және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндірді. Балалар бұлақтың көзін ашу үшін тастарды жинақтады. Ғажайып сиқырлы су ағып, балалар кедергілерден өту арқылы ойын бөлмесіндегі бірнеше дамытушы орталықтарға бөлініп ойындар ойнады. Балалар судың қасиетімен танысып судың пайдасын түсінді, дәмін ажыратып зерханалық жұмыстар жүргізді. Шығармашылық орталықта дәстүрден тыс әдіс-тәсілдермен сурет салды, боялған күріштермен су тамшыларын жасады. Ұйымдастырылған іс-әрекет жоғары деңгейде өтті.