Текст
«Балабақша-біздің үй» тақырыбында ұйымдастырылған ашық есік күніне «Балапан» мектепалды тобының ата-аналары белсене қатысты. Топ тәрбиешілері Ермекбаева Д.А. және Амиржанова Р.С. балаларға нан дастарханға қалай келетінін айтты және аналардың көмегімен бидай тұқымын отырғызуды ұсынды. Кейін балалар топ бөлмесіндегі орталықтарда "Дүкен" рөлдік ойынын ойнап, шығармашылық жұмыстар жасады. Ұйымдастырылған іс-әрекетке қатысқан ата-аналар өз пікірлерін айтты.