Текст
29-желтоқсан күні балабақшада кеңес беру орталығының жоспарына сәйкес балабақшаға келмейтін балаларға арналған «Қош келдің, Жаңа жыл» атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Тақпақтар, әндері, ертегілік қойылымдар қоюға баулу. Ұмытылмас Жаңа жылдық кеш сыйлау. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Мерекеге сай безендірілген музыка залына ата-аналарымен келген балалар жаңа-жылдық шыршаға арнап тақпақтарын, әндерін орындады. Көңілді кейіпкерлермен ойын ойнап, би биледі. Аяз ата балаларға алып келген сыйлықтарын тарту етті.