23-қараша күні «Жұлдыз» балабақшасында «Ерекше білімді қажет ететін балалардың танымдық қызығушылығын ойын арқылы арттыру»
тақырыбында №2 педагогикалық кеңес өтті.
Мақсаты: ойын іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейін арттыру үшін тәрбиешілердің күш-жігерін біріктіру. Ойынды ұйымдастыруда тәрбиешінің мінез-құлқының жалпы стратегиясын және оның ойында ЕБҚЕ балалармен қарым-қатынасының нақты тактикасын анықтау.
Міндеттері :
1.Тәрбиешілердің ойын іс-әрекетін басқару бойынша педагогикалық шеберлікті жетілдіру.
2.Шығармашылық ізденісті дамыту.
3.ЕБҚЕБ бар мектеп жасына дейінгі балалардың ойын іс-әрекетін ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекеттің жағымды жақтарын, проблемалары мен перспективаларын анықтау.
4.Мектепке дейінгі мекемеде ойын іс - әрекетін ұйымдастыру бойынша жұмысын арттыру.
Күн тәртібінде теориялық бөлім, іскерлік ойын,сұрақ – жауап, жағдаяттар шешу, үй тапсырмасы:ЕБҚЕБ өткізетін жұмысын қорғау, дидактикалық материал мен құжаттар көрмесі, қорытынды, командаларды марапаттау болып өтті.