Текст
18 тамыз күні «Колобок», «Смешарики», «Алтын ұя», «Көгершін», «Солнышко», «Балбөбек», «Ақ бота», «Құлыншақ», «Балапан», «Айгөлек», «Балдырған», «Құлпынай» топтарының тәрбиешілері мен балалары ата-аналарымен бірлесіп дайындаған әртүрлі ертегілерді сахналап берді. Әр бір топ өз учаскілерін алдын ала безендіріп, көрермендер назарына «Мақта қыз бен мысық», «Шалқан», «Үйшік», «Жеті лақ пен қасқыр», «Мысықтың үйі», «Түлкі мен қарға», «Ұр тоқпақ», «Тырна мен түлкі», «Қызыл телпек», «Шалқан» ертегілерін сахналап берді. Топтар бір-бірінің уаскілеріне көрермен ретінде барып, сахналық қойылымдарды тамашалады.