Текст
Балабақшамызда 5-шілде күні барлық топтар арасында «Менің сүйікті қалам» тақырыбында іс-шара өткізілді..
Мақсаты: Балаларға Отанымыздың астанасы-Астана қаласы жайында түсінік беру және Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру. Елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Балалар мерекелік іс-шараға әндерін,билерін, ойындарын,тақпақтарын айтып өнерлерін көрсетті. Қонаққа Бәйтерек, Алма кейіпкері келіп рөлдерін ойнап шықты , кейіпкерлермен суретке түсіп, мерекелік алма сыйлықтарын алды.
Мерекелік іс-шара терең мағыналы болып,балалардың ойында өлшеусіз із қалдырды деген ойдамын.