Текст
Балалар апта бойы жолда жүру, өрт қауіпсіздік ережелері туралы түсінік алды, дидактикалық, сюжетті ролдік ойындар ойнады, әңгімелер тындап, тақырыпқа сай мульфильмдер көрді. Қорытынды ретінде «Жол қауіпсіздігі, қызыл,сары, жасыл» атты ойын сауық ұйымдастырылды. Топ балалары командаларға бөлініп «Отты сөндір», «Такси», «Қуыршақты оттан қорға», «Жол ережелері» деген түрлі қызық тапсырмалар орындады. Бүлдіршіндер қонаққа келген Дымбілмес кейіпкеріне өздерін жан жақты көрсете білді. Ойын сауық барысында қатысушылар мен көрермендер «Бағдаршам» сергіту сәтін орындады. Ересек топ балалары өрт қауіпсіздігіне байланысты дайындаған «Мысықтың үйшігі» шағын сахналауын жасады.