«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйымда пәндік-дамыту ортасын құру қағидалары» тақырыбында өткен семинардың хаттамасы

03.05.2023

Өткізу күні: 2023ж. 28 сәуір

Өткізу орны: Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК.

Қатысқандар: 58 адам (ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директорының орынбасары, «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ бас маманы, Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы, аудандық мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдіскерлері, аудан балабақшалардың меңгерушілері, әдіскерлері,  тәрбиешілері, педагогтары).

Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымда пәндік-дамыту ортасын құру қағидалары».

Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру стандартына сәйкес топтарда пәндік-дамыту ортасын құру негізінде жатқан балабақша мұғалімдерінің теориялық білімдерін бекіту;

- мектепке дейінгі білім беруді жаңарту жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру;

-мемлекеттік стандарттың талаптарын ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негізделген пәндік-дамытушы ортаны жобалауға толыққанды теориялық және практикалық дайындықты қамтамасыз ету.

 

Семинардың күн тәртібі

1. Ұйымдастыру бөлімі. Кіріспе сөз.

2. Негізгі бөлім. Кіріктірілген ұйымдастырылған іс әрекеттер.

3. Семинарды қорытындылау.

 

1. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы МКҚК«Мектепке дейінгі ұйымда пәндік-дамыту ортасын құру қағидалары» атты семинар өтті. Семинарға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директорының орынбасары, «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ бас маманы Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы, аудандық мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту әдіскерлері, аудан балабақшалардың меңгерушілері, әдіскерлері,  тәрбиешілері, педагогтары қатысты.

«Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері дайындаған музыкалық сәлемдеме көрсетілді.

Алғы сөзбен шыққанбалабақша меңгерушісі О. А. Баранова қатысушыларға семинардың бағдарламасы туралы қысқаша айтып берді. Барлықтарына сәттілік тіледі.

Кіріспе сөзді Целиноград ауданы білім бөлімінің басшысы Искаков Сейфулла Абдуұлы жалпы балабақшалар туралы айттып өтті.

      Сөз алған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директорының орынбасары Ерманова Мария Наятовна мектеп жасына дейінгі баланың үйлесімді дамуы мен тәрбиеленуінде үлкен рөл  атқаратын заттық -кеңістік ортада дамытушы ойындарды ұйымдастыру. Бала бойында балабақшаға деген жағымды эмоционалды қарым-қатынас қалыптастыру, білім бере отырып жағымды әсерлермен байыту, мектепке дейінгі балалардың зияткерлік және әлеуметтік дағдыларын,белсенді шығармашылық әрекетін дамыту керектігін айтып өтті.

Сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Г. С. Жанауоваға берілді, ол семинардың негізгі мақсатын атап өтті, сонымен қатар «Жұлдыз» балабақшасы «Құзыреттілік орталықтары» және «Күні бойы мектепке дейінгі ұйымдар тобындағы екі педагог» және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау критерийлерін сынақтан өткізіп пилоттық жобасына қатысқаны туралы айтып өтті.

Балабақша әдіскері П. Б. Нысанова «Пәндік дамыту ортасын құру» атты баяндамасымен сөз сөйлеп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының талаптарына сәйкес балалар үшін пәндік-дамыту ортасын құрудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтты.

2. Негізгі бөлімде қатысушылар «Қарлығаш» тобында тәрбиешісі Э.Т. Утебаева «Көктем келді» тақырыбында,«Колобок» тобында тәрбиеші Т.М. Белоусова, қазақ тілі мұғалімі А. О.Аушахмановамен «Көктемге арналған моншақтар» тақырыбында, «Балдырған» тобында тәрбиеші Г.Б.Хасенова, дене шынықтыру нұсқаушысы А. А. Габидуллинамен «Ойнайық та, ойлайық» тақырыбында, «Алтын ұя» ортаңғы тобынның тәрбиешісі  М.Б.Абдикова «Жайлауға көктем келді» тақырыбында. «Солнышко» ересек топ тәрбиешісі Л.Б.Ракишева мен психолог Г. Х. Джунусовамен «Көктемнің түрлі бояулары» тақырыбында. «Бәйтерек» тобында тәрбиеші А.А.Кульмурзаева, музыка жетекшісі Н.Б. Биртаевамен «Жануарлар әлемінде» тақырыбында, «Теремок» мектепалды даярлық тобында музыка жетекшісі К.А. Калиева логопед Г.А.Смагулова тәрбиеші Л.Б.Фомкина «Көктем қайта оралды» тақырыбында. «Құлыншақ» мектепалды даярлық  тобының тәрбиешісі   Г. Ғ.Сқақ  «Жол тәртібін білейік, аман - есен жүрейік» тақырыбында. «Балбөбек» мектепалды даярлық топ тәрбиешісі А.Булхайдарова «Көліктер» тақырыбында. А.А. Муратбаева «Ертегілер елінде» ұйымдастырылған іс-әрекет. Балалардың шығармашылық дағдыларын зерттеу бойынша тәрбиеші Д.А.Ермекбаева қысқы бақта «Көктем патшалығы» тақырыбында. «Балбөбек» тобында тәрбиеші А.И.Отепова, психолог Г. Х. Джунусовамен «Ертегілер әлемі» тақырыбында кіріктірілген іс-әрекеттерді тамашалады, мұнда әртүрлі құзыреттілік орталықтарында жұмыс істей отырып, ойын арқылы балалардың іс-әрекетін ұйымдастыру көрсетілді.

3. Семинардың қорытынды бөлімінде қатысушылар семинар бойынша өз пікірлерін білдірді. Соңыңда семинарды ұйымдастырғаны үшін педагогтар Грамотамен  марапатталды.

Просмотров: 1171


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст