Текст
Балабақшамызда 6 -наурыз күні «Теремок», «Колобок», «Солнышко» топтарында 8 наурызға арналған ертеңгіліктер өз жалғасын тапты.
Мақсаты: балаларға 8 - наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу.
Балалар аналарына, әжелеріне арналған әндерін,тақпақтарын,билерін тарту етті, бірнеше қызықты ойындар ойнады.
Ата-аналарға ертеңгіліктерді дайындауға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреміз!