Текст
Балабақшамызда 3-наурыз күні Аналар мерекесі жалғасын тапты. «Алтын ұя» «Балапан», «Бәйтерек», «Құлыншақ» топтарында ертеңгіліктер болып өтті. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достық қастерлей білуге тәрбиелеу. Балалар әжелеріне, аналарына арналған өнерлерін жоғары деңгейде тарту етті.