Балабақшада жоспарға сәйкес ата-аналар арасында «Көктем терезелерді қағып тұр» балалар шығармашылығының қол өнер көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты
* 8-наурыз, 22-наурыз қарсаңында балалардың, ата-аналардың және педагогтардың шығармашылық бастамаларын жандандыру.
* балалардың, ата-аналардың, тәрбиешілердің эстетикалық талғамын тәрбиелеу;
* табиғи және қалдық материалдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
* ата-аналарды балалармен бірлескен көркемдік және шығармашылық қызметпен айналысуға баулу..
Тәрбиешілер мен ата-аналар балалармен бірге әртүрлі тақырыбында «Көктем қызықтар», «Анама сыйлық», «Көңілді Көктем»,«Көктемнің әсем бояуы» «Шоқ гүлдер» т.б көрмеге табиғи және қалдық материалдардан жасалған жұмыстар ұсынылды. Топ ата-аналарына алғыс білдіреміз!