«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК
ГККП «Детский сад «Жулдыз» села Акмол при отделе образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құру қағидалары» атты семинар

09.02.2023

08 ақпан 2023ж. күні Аудандық білім бөлімінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес Ақмол ауылының «Жұлдыз» балабақшасы МКҚК «Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны құру қағидалары» атты семинар өткізді. Семинарға Целиноград ауданының мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларының әдіскерлері, тәрбиешілері мен педагогтары қатысты.

Алғы сөзбен шыққан балабақша меңгерушісі О. А. Баранова қатысушыларға семинардың бағдарламасы туралы қысқаша айтып берді. Барлықтарына сәттілік тіледі.

Кіріспе сөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Г. С. Жанауоваға берілді, ол семинардың негізгі мақсатын атап өтті, сонымен қатар «Жұлдыз» балабақшасы «Құзыреттілік орталықтары» және «Күні бойы мектепке дейінгі ұйымдар тобындағы екі педагог» және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау критерийлерін сынақтан өткізіп пилоттық жобасына қатысқан облыстағы екі балабақшаның бірі болғанын атап өтті.

Балабақша әдіскері П. Б. Нысанова «Заттық дамыту ортасын құру» атты баяндамасымен сөз сөйлеп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандартының талаптарына сәйкес балалар үшін пәндік-дамыту ортасын құрудың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы айтты.

Кейін ұйымдастырылған іс-әрекеттерді көру үшін қатысушылар екі топқа бөлінді. Ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешілері Утебаева Э.Т., Кадырбаева М.Е., педагог-психолог Джунусова Г.Х.  және музыка жетекшісі Биртаева Н.Б. «Жануарлар әлемі» тақырыбы бойынша кіріктірілген іс-әрекетті көрсетті. Мектепалды даярлық «Балдырған» тобының тәрбиешісі Абдыкасимова А.Б. және дене шынықтыру нұсқаушысы Габидуллина А.А. «Ойнайық та, ойлайық» тақырыбы бойынша кіріктірілген іс-әрекет өткізді. Мектепалды даярлық «Колобок» тобының тәрбиешісі Белоусова Т.М., музыка жетекшісі Калиева К.А., логопед Смагулова Г.А. және қазақ тілі мұғалімі Аушахманова А.О. «Қысқы ертегі» тақырыбы бойынша кіріктірілген іс-әрекет өткізді. Мектепалды «Балбөбек» тобының тәрбиешілері Булхайдарова А., Отепова А.И. және логопед Берикболова Г.Д. «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбы бойынша кіріктірілген іс-әрекет өткізді. Тәрбиешілердің өзін-өзі жетілдіру тақырыптары бойынша жинақтаған материалдарынан көрме ұйымдастырылды.

Семинардың қорытынды бөлімінде «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері мен ата-аналары дайындаған музыкалық сәлемдеме көрсетілді. Сондай-ақ жүргізуші «Бәрі сенің қолыңда» рефлексиясын өткізді. Қатысушылар семинар бойынша өз пікірлерін білдірді. Соңында кіріктірілген іс-әрекет көрсеткен педагогтар мен тәрбиешілер сертификатпен марапатталды. Семинарды ұйымдастырған педагогтар мен қатысқан әдіскерлер мен тәрбиешілерге алғысымызды білдіреміз.

Просмотров: 368


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст