Балабақшамызда ересек топ «Бәйтерек», «Балапан», «Қарлығаш» , «Солнышка» топтар арасында 23-қаңтар мен 27-қаңтар арасында «Су асты әлемі» атты жоба болып өтті.
Мақсыты мен міндетті:
- балалардың су асты әлемі және оның тұрғындары туралы білімдерін кеңейту және қызметтің жаңа тәсілдерін игеру және жағдайларды шешу арқылы балалардың шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау
- Су асты әлемінің әртүрлілігімен, оның планетадағы барлық тіршілік үшін маңыздылығымен таныстыру. Су асты әлемінің тұрғындарының құрылымы мен өмірімен таныстыру.
Жобаға қатысушылар: тәрбиешілер, ересек топ балалар, ата-аналар.
Балалар мен ата-аналардың өнімді қызмет бойынша ұжымдық жұмыстар жүргізілді.Ата-аналар мен балалардың бірлескен «Су астындағы тіршілік иесі» ,«Таңғажайып су асты әлемі» атты макетін жасау көрмелері болды.
Жобаның болжамды нәтижесі бойынша балалармен физикалық қасиеттерді дамыту, коммуникативтік дағдыларды дамыту,танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту, балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту,әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру дағдылар кіріктірілген іс – әрекеттер арқылы ұйымдастырылды.
Мысалы: «Теңіз астында тіршілік ететін жәндіктер»,«Балықтар», «Су асты әлеміне саяхат»,«Сиқырлы балық», «Алтын балық туралы ертегі» «Мұз астындағы ұйқы» т.б ұйымдастырылған іс-әрекеттер жүргізілді.
Белсене қатысқан ата-аналарға алғыс білдіреміз.