31 қазан күні "Ерекше білімді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарын жүргізудің негізгі тәсілдері" тақырыбы бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Балабақшамыздың логопед-психологы Джунусова Г.Х. тәрбиешілерге ерекше білімді қажет ететін балалармен түзету жұмыстарын жүргізудің тәсілдері туралы ақпарат кеңестерімен бөлісті.
Логопед мұғалім Байрамова Г.Р. ««Р» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру» тақырыбы бойынша артикуляциялық жаттығулар, көңілді тіл туралы ертегілер, тіс тазалау туралы жаттығулар туралы ақпарат берді.
Мейірбике Берикболова Г.Д. «Логопед-мұғалімінің түзету жұмысында қолданатын тыныс алу жаттығулар мен нейрокинезиологиялық жаттығулар, кинезиологиялық жаттығулар» жөнінде айтып, балалардың ойлау, логикасын дамытуға арналған үстел үсті ойындарымен бөлісті.
Логопед Смагулова Г.А. «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытудағы дидактикалық ойындар» (көрдің бе, қоңырауды бас) және т.б. ойындарын көрсетті.