19.10.2022
19 қазан күні ортаңғы «Көгершін», «Ақ бота» топтары ертеңгіліктің екінші күнін «Күзгі орман» тақырыбы бойынша жалғастырды. Ертеңгілік қуыршақ театрының көмегімен өткізілді. Балалар ертегі кейіпкерлеріне тақпақтар айту, әндер мен билерді орындау арқылы өз қабілеттерін көрсетті. Ұл балалар «Саңырауқұлақтар» биін, қыздар «Қолшатыр» биін орындады. Күз ханшайымы балаларға қонаққа келді. Ол балалармен «Саңырауқұлақтар мен жаңғақтарды жинау» ойынын ойнады және «Көкөністер» биін биледі.
Ересек «Солнышко» тобы «Алтын күз» атты ертеңгілігін өткізді. Балалар «Жапырақтар» биін биледі, күз мезгілі туралы тақпақтар айтты, «Жаңбыр мен Күн» ойынын ойнады. Қонаққа Күз ханшайымы мен Тұмау келді. Балалар «Таня және көкөністер» атты көрініс көрсетті. Балалар Күз ханшайымына ән айтып өз өнерлерін көрсете білді. Ертеңгіліктер көңілді, жарқын, қызықты өтті. Балалар көптеген жағымды эмоциялар алды. Соңында «Күз ханшайымы» барлық балаларға дәмді алмалар сыйлады.