Текст
Тамыз айында балабақшада «Менің дәмді достарым» атты музыкалық іс шара өтті. Педагогтар құрамы балаларға арнап «Көкөністер дауы» атты қойылым дайындады. Әр кейіпкер көкөніс өзі туралы айтып берді. Жүргізушілер кейіпкерлермен бірге музыкалық әуенмен көрсету бойынша көңілді билер ұйымдастырды. Іс шара соңында балалар асфальтқа түрлі түсті борлармен өздеріне ұнайтын көкөністерді салды, топ учаскілеріне барып, қимылды ойындар ойнады.