Текст
«Жұлдыз» балабақшасында 02 наурыздан бастап «Аяулы анашым» атты Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгіліктер басталды. Алғашқы болып «Балбөбек», «Солнышко», «Балдырған», «Теремок» топтарының балалары аналарына, әжелеріне, апаларына арнаған әндері мен тақпақтарын арнады. Көтеріңкі көңіл күймен қимылды ойындар ойнады, жеке қыздар мен ұлдар билерін биледі, ертегі сахналады.