№3 педагогикалық кеңес
№3 педагогикалық кеңесі «Қауіпсіздік елі» жобасын қорғау шеңберінде ұйымдастырылды.
Педагог-психолог Г.Х.Джунусова педагогикалық кеңесті психологиялық жаттығумен бастады, жақсы эмоционалдық көңіл күй құрды.
Тәрбиеші А.А. Муратбаева «Бала өмірінің қауіпсіздігі маңызды», педагог психолог Г.Х.Джунусова «Қауіпсіздік әліппесі» атты тақырыбында баяндама оқыды.
Ортанғы топ тәрбиешілері: Э.Утебаева, Л.Г Шарипова, ересек тобының тәрбиешісі: Г.Б.Хасенова, мектепалды даярлық топ тәрбиешілері: Г.Ғ.Сқақ, М.С Ирешова слайд арқылы онкүндік ішінде өткізген жобаның қызықты сәттерімен таныстырып шықты.
Келесі кезекте жүргізушілер педагогтарді командаларға бөліп «Қауіпсіздік елі» тақырыбында көңілділер мер тапқырлар ойынын өткізді. Ойында түрлі тапсырмалар болды: «Жұмбақ шешу», «Жағдаяттар шешу», «Қауіпті ертегілерді, кім көп біледі», «Белгілер аукционы», «Ойыңызды жалғастырыңыз...», «Музыкалық жұмбақтар». Ойын өте қызықты өтті.
Педагогикалық кеңес керіс байланыспен аяқталды, педагогтер жоба жүргізілу онкүндігі бойынша алған әсерлерін қағаз бетіне түсірді, өз ой-пікірлерін айтты.