Балабақшада 18-қазан мен 22-қазан аралығында «Берекелі Алтын күз» атты ата-аналармен бірге ұйымдастырылған түрлі табиғи материалдардан жасалған көрме болып өтті.
Алтын күздің бір ерекше сыйы - балалармен бірге түрлі-түсті жапырақтарды, ағаштар мен гүлдердің тұқымдарын, сабандарды, бүрлерді т.б. жинап, олардан түрлі қолөнерлер бұйымдарын жасай бастайтын уақыт.
Күз мезгілінен көптеген түрлі сәндік материалдарды алып, сол заттармен түрлі заттарды ойлап табуға болады.
Табиғи материалдан жасалған қолөнер - бұл балалар шығармашылығы үшін ең қол жетімді және қызықты материал. Бұл тек шығармашылық емес, оларды жасау баланы жан-жақты дамытады. Қиялының ұшқырлығы, сыртқы әлеммен танысып, физикалық дамуының артуы балалар үшін де өте пайдалы екені сөзсіз. Қажет емес деп танылған заттар арқылы өте қызықты қолөнер жасай алу үлкен өнер. Сол заттардан түрлі ертегі кейіпкерлері, жануарлар, суретке жиектемелер, есіктердегі гүл шоқтары, ертегідегі үйшіктер және т.б. жасалынды.
Күзгі қолөнер байқауы ережеге сәйкес өткізілді. Ата-аналар көрмеге белсенді қатысып, балаларымен бірге табиғи материалдарды жинақтап, қиялдап, ерекше және әдемі қолөнер ойлап тапты. Ата-аналарымызға мың алғыс!