Еліміздегі тілдер мерекесіне орай балабақшада ортаңғы, ересек және мектепалды даярлық топтарының арасында «Ана тілі – жүрек үні» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.
Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерін қасиетті ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру, ана тіліміздің қадір-қасиетін біліп, сөз құдіретін түсіне білуге баулу; ойлау қабілетін, тіл байлығын дамыту; тіл мәртебесін арттыруға атсалысуға тәрбиелеу.
Балалар қазақ, орыс тілінде жаттап келген тіл туралы өлеңдерін айтып, жүлделі орындарға және белсенді қатысқандары үшін мадақтау қағаздарына ие болды.
Сонымен қатар «Мемлекеттік тіл -татулық тірегі» атты ата-аналармен біріккен сурет көрмесі ұйымдастырылды. Балалар тәрбиешілермен, ата-аналармен бірге салынған суреттерді көрмеге дайындады.