20 тамыз күні «Жұлдыз» балабақшасының ұйымдастырумен аудандық тамыз конференциясының аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбындағы онлайн түрде панельдік сессиясы өтті.
Секция жұмысына аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бойынша әдіскері, ауданның мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілері мен әдіскерлері, педагогтары қатысты.
Бағдарлама бойынша алғы сөз Касымова Л.Н. аудандық білім бөлімінің әдіскеріне берілді, ол «Целиноград ауданының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің ағымдағы жағдайы» туралы баяндап берді. Келесіде Сүлейменова А.Ө. «Әсем-Ай» балабақшасының әдіскері «ҚР мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы» әдістемелік нұсқау хатқа қысқаша шолу жасады. Сөз кезегінде өз жұмысының тәжірибесімен «Жұлдыз» балабақшасының музыка жетекшісі Калиева К.А., өнер пәні мұғалімі Камзенова А.Қ., аға тәрбиеші Жанауова Г.С., «Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі Шаханова Қ.А., «Әсем-Ай» балабақшасының инклюзия бойынша әдіскері Ақниязова Г.М. бөлісті.