Балабақшада «Алтын дән» тақырыбында бірнеше жұмыстар жүргізілді. Балалар дәндер патшалығына саяхат жасау ретінде суреттер альбомдарын қарады, көркем шығарма, ертегілер тыңдады. Ойын ретінде ыдыстағы дәндерді түрлеріне қарап ажыратып әр ыдысқа бөлді.
Келесі кезекте «Нан болса ән де болады» тақырыбында, наубайхана жұмысымен танысып, «Аспазшы» сюжетті рөлдік ойынын ойнады, тәрбиешілер балалармен бірлесеп өз қолдарынан тәтті печенье әзірледі.
Ата-аналармен жұмыс жасау түрі ретінде «Әжеме, анама нан пісіруге көмектесем» тақырыбында үйге тапсырма берілді. Балалар жасаған жұмыс туралы өз суреттерімен бейнероликтарын әкелді.
Соңында балалар «Нан - дастархан байлығы» әңгімесін тыңдап, оның мазмұнын айтып берді және ермексаздан, табиғи материалдардан «Дәндер патшалығы» атты ұжымдық жұмыс жүргізілді.