«Сабын көбіктерінің мерекесі» атты музыкалық-спорттық іс-шара.
Балабақшамызда 12-16 шілде аралығында барлық топтар арасында «Су және суда» атты апталық болып өтті.
Мақсаты: Балаларға тәжірибе жасау арқылы судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі,түсі,иісі) судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту, судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту суды үнемдей білуге, суды ластамауға тәрбиелеу.
Алғашқы күндері балалар «Ермексаздан жасалған мұхит» атты ұжымдық жұмыс жасады.
Сонымен қатар «Сабынды көпіршіктер» атты тәжірибе жасап, қағазға өрнек салып түрлі түсті сабын ерітінділерін қолдана білді. Балалардың көңіл күйлері өте жақсы және қызықты болды. Сабын көбіктерінің мерекесіне Айболит, Жылауық қыз кейіпкерлері келіп балаларды қуантты. Балалармен бірге жаттығулар жасады және биледі. «Күн,ауа,су біздің досымыз», «Серуенге дайындал», «Акула және балықтар» атты эстафеталар өткізді. Мереке соңында сабынды көбіктермен көңілді ойындар ойнады.